КГП на ПХВ «Районная больница Зайсанского района»
Управления здравоохранения ВКО

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күнге орай 1950 жылдан бері жыл сайын 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде аталып өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық күні – жер бетінің әр тұрғынының назарын денсаулық пен денсаулық сақтау мәселелеріне аударуға бағытталған жаһандық науқан.

 2023 жылы ДДҰ құрылғанына 75 жыл толады және Дүниежүзілік денсаулық күні «Баршаға денсаулық!» ұранымен өтеді, бұл соғыс пен қақтығыссыз бейбіт және тұрақты әлемде әр адам дені сау болып, жайлы өмір сүруін білдіреді.

ДДҰ жарғысы бойынша «ДЕНСАУЛЫҚ» - бұл аурудың немесе физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық.

Халық денсаулығының деңгейі 8-10% жағдайда денсаулық сақтау мен медициналық көмек деңгейіне ғана тәуелді.

Көбінесе (50%) денсаулығымыз біздің өмір салтымызбен тығыз байланысты. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс «Салауатты өмір салты» ұғымында көрінеді.

Салауатты өмір салты – денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған адамның өмір салты:

дұрыс тамақтану

физикалық белсенділік

темекіден бас тарту, алкогольді асыра пайдаланбау

күйзеліске төзімділікті дамыту / психикалық денсаулық

дұрыс ұйықтау

коммуникативтік дағдылар

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – ден­сау­лық». Ден­сау­лық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.   Бұл  атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан  бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып  отыр.

Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының пікірінше, барлық әлемдегі медицина қоғамының алдына қойылған маңызды проблеманы айқындайтын белгілі тақырыпта өткізіледі.

Сондай-ақ, әр жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күнінің жыл сайынғы тақырыбы, ұраны таңдалынады.

Похожее

Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын...

Комментарии