КГП на ПХВ «Районная больница Зайсанского района»
Управления здравоохранения ВКО

Сібір күйдіргісі – көбінесе тері қабаттарын, сонымен қатар  ішек және өкпені зақымдайтын, тез өршитін жіті жұқпалы ауру.

Сібір күйдіргісінің қоздырғышы – қоршаған ортада ондаған жылдар бойы сақталатын споралы  қозғалыссыз таяқша.

Сібір күйдіргісі ауруына көбінесе ірі қара мал, жылқы, қой, сирек жағдайда шошқа шалдығады.

Адам сібір күйдіргісін ауру жануарларды баққанда, оларды сойғанда: етті бөлшектегенде, оның терісін алып және өңдегенде, ауру малдың еттерін, сүтін пайдаланғанда жұқтырады.

Аурудың тері формасы басталғанда науқастарда таяқша енген жерде (бетінде, мойнында, қолдарында) 2-3 күннен кейін қызыл түсті дақ пайда болады, келесі 2 күннен кейін ол карбункулға (жараға) айналады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, бас ауруы, тәбеттің болмауы, лоқсу, кейде құсу симпотомдары қосылады.

Медициналық көмекке уақытында жүгінбесе ауру адам қайтыс болуы мүмкін.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ:

  • Үй шаруашылығындағы  малдарды Сібір күйдіргісіне қарсы міндетті түрде егу.
  • Малды ветеринарлық тексерусіз  соймау.
  • Ауруға шалдығу қауіпін сезінгенде жедел медицина қызметкерлеріне жүгіну.
  • Сүт — ет өнімдерін ветеринарлық анықтамасы жоқ, кез — келген жерден сатып алмау