КГП на ПХВ «Районная больница Зайсанского района»
Управления здравоохранения ВКО

Еуропалық иммундау апталығы

        

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы №141 қаулысын іске асыру шеңберінде, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік басшылығымен республика өңірлерінде 2025 жылы 21 - 27 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы атап өтілді.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДУ) Еуропалық өңірінде иммундау аурулардың алдын алу және адам өмірін қорғау үшін өте маңызды екенін насихаттау мақсатында Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өткізіледі. Биылғы жылы «Барлығы үшін иммундау – адамдардың өз қолында» (#Humanly Possible) тақырыбына назар аударылады. Вакцинация - адам ауру қоздырғыштарымен жанасқанға дейін аурулардан қорғаудың жеңіл, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділігін қалыптастыру үшін организмнің табиғи қорғаныш тетіктеріне әсер етіп, иммундық жүйеңізді күшейте түседі. Аурулар сияқты, вакциналар да иммундық жүйені спецификалық антиденелерді бөлуге итермелейді. Алайда вакциналар ауруды тудырмайтын және онымен байланысты асқыну қаупін тудырмайтын белгілі бір ауру қоздырғыштарының - вирустар немесе бактериялардың өлтірілген немесе әлсіретілген түрлерінен ғана тұрады. Вакциналардың көбі инъекция түрінде қолданылады, дегенмен пероральды (ауыз арқылы енгізілетін) вакциналар және назальды (мұрын арқылы енгізілетін) аэрозоль түрінде вакциналар да бар. Вакцинациясыз адамдар қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты ауыр ауруларға шалдығады. Бұл аурулардың көбі адам өміріне қауіп төндіреді. ДДҰ пайымдауынша, балалар вакциналарының өзі жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалады. Кейбір аурулар азайып бара жатқанымен, олардың қоздырғыштары әлемнің кейбір немесе барлық жерлерінде айналымда болуын жалғастыруда. Қазіргі әлемде жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, оған иммунитеті жок кез келген адамға жұғуы мүмкін. Вакцина алудың негізгі екі себебі бар: ол өзіңізді қорғауға және айналаңыздағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Кейбір адамдар, мысалы, жаңа туған нәрестелер мен ауыр дертке шалдыққан немесе аллергиясы бар адамдар екпе ала алмайтындықтан, олардың вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғануы айналасындағылардың вакцина алуына байланысты болады. Нақты эпидемиологиялық ахуалды түсіну иммундаудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Вакцинация - қазіргі әлемнің маңызды бөлігі, ол жұқпалы аурулардың, мүгедектіктің және олардан болатын өлімнің санын азайтуға мүмкіндік береді, еңбекке жарамсыз адамдардың саны азаяды. Соңғы 50 жылда қызылшаға қарсы вакцинация 94 миллионға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Қызылшаға қарсы вакцинаның екі дозасының тиімділігі 95% - дан асады. Қазақстан Республикасында халықты иммундау 11 инфекцияға (туберкулезге қарсы екпе - БЦЖ, В гепатитіне, пневмококк инфекциясына, дифтерияға, көкжөтеге, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке) қарсы міндетті вакцинациялауды көздейтін ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жекелеген кәсіптік топтарға, инфекциялық аурулармен сырқаттанушылық деңгейі жоғары аумақтарда тұратын, белгілі бір инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге, сондай-ақ инфекция ошақтарына баратын адамдарға иммундау жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде вакцинациямен қамту көрсеткіші 95% - дан төмен болмауы тиіс. Әйтпесе, иммунитеті жоқ адамдардың жинақталуы және ұзақ уақыт бойы тіркелмеген немесе спорадикалық деңгейде тіркелген инфекциялардың белсендірілуі сөзсіз. Бүгінгі таңда әлемде өмірге қауіп төндіретін 20-дан астам аурудың алдын алуға арналған вакциналар бар, соның арқасында кез келген жастағы адамдар ұзақ және дені сау болып өмір сүре алады. Қазіргі уақытта иммундау жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты аурулардан болатын 3,5- 5 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді. Иммундау құқығы адамның ажырамас құқығы болып табылады. Туылғаннан кейін адамның иммундық жүйесі біртіндеп қалыптасады және 3- 5 жасқа дейін ересек адамның деңгейіне жетеді. Дәл баланың өмірінің алғашқы жылдарында қарсы екпе алатын инфекциялар өте қауіпті. В гепатиті, полиомиелит, қызылша, көкжөтел және сіреспе сияқты инфекциялардың алдын алу мақсатында қажетті иммундық жауапты қалыптастыру және оны өмір бойы сақтау үшін вакцина екі немесе одан да көп рет салынады. Балаларды егу күнтізбесіне енгізілген заманауи вакциналардың құрамында 200-ден аз антиген болады. Бір уақытта бірнеше вакцинамен егу иммунитетке ауыртпалық түсірмейді. Мысалы, нәрестеге суық тиген кезде, ол 10-ға жуық антигенге, тамақ ауруы (ангина) кезінде 25- тен 50-ге дейін антигенге ұшырайды. Ұлттық егу күнтізбесіне кіретін вакциналардың барлығын дерлік біріктіріп, бір күнде салуға болады. Вакцинация тек балаларға ғана емес, ересектерге де жасалуы керек. Бұл, әсіресе, тұмауға қарсы маусымдық вакцинацияға қатысты.

Қазақстанда 7701 вакцинация бойынша қауырт желі телефоны жұмыс істейді. Вакциналар туралы толық ақпарат Egu.kz сайтында халыққа қолжетімді https://egu.kz/about-vaccination/o-vakcinacii-kakie-byvayut-vakciny

Вакцинациялау алдында ұсынылады:

 Егу паспортын дайындау.

Егер ол болмаса, онда өткен екпелер туралы білу;

Вакцинация күнтізбесімен танысу;

Егер екпе алуды өткізіп алсаңыз, онда емдеуші дәрігер толық вакцинация кестесін жасауы тиіс;

Вакцинаның қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жанама әсерлері туралы ресми ақпарат көздерінен: ndda.kz-тегі нұсқаулықтан немесе Egu.kz сайтынан оқу.

Вакцинациялау кезінде:

Дәрігер вакцинациядан бұрын қарап-тексеру жүргізеді;

Анамнезді жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің бар-жоғы туралы: вакцинаны алдында салған кездегі жағымсыз реакциялардың болуы, созылмалы аурулар, аллергия, жұқпалы аурудың ушыққан кезеңі жөнінде ескерту керек; Сіз дәрігерге вакцинация туралы кез келген сұрақ қоюға құқығыңыз бар; Ата-аналар вакцинацияға хабардар етілген келісімді ресімдейді;

Вакцинацияны мейіргер емшара жасау кабинетінде жүргізеді. Ата-анасы вакцинаны сақтау талаптарын тексеруге, қаптаманы тексеруге, өзімен бірге нұсқаулықты алуға құқылы;

 • Егу паспортында: вакцинация күні мен орны; вакцинацияны жүргізген медицина қызметкерінің деректері; вакцинаның сериялық нөмірі мен саудалық атауы жазылуы тиіс.

Вакцинацилаудан кейін:

Вакцинациядан кейін 30 минут ықтимал аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада болу керек;

Ықтимал жанама әсерлер туралы біліңіз. Мысалы, КПК вакцинасынан кейін 7-10 күнде бөртпе "вакцина аллергиясы" емес, вакцинаның қалыпты жанама әсері болады, бұған алаңдаушылық білдірудің қажеті жоқ;

Температура 38.5°С жоғары көтерілгенде ыстық түсіретін дәрілерді қолданған жөн;

Алғашқы бірнеше күнде әлсіздік байқалса — вакцинациядан кейінгі жиі кездесетін жанама құбылыс.

Осы уақытта ауыр жұмыстарды шектеп, көбірек демалған дұрыс;

• ИККҚ пайда болған жағдайда — вакцинаның әдеттегі жанама әсерлері болып табылмайтын иммундаудан кейінгі жағымсыз салдар - вакцинация жүргізілген емханаға хабарласыңыз және жағдайыңызды тіркетіңіз.

Зайсан ауданы бойынша жалпы жаңа тұған бала саны -539

3ж дейін-1530, 5ж дейін-3506,14ж дейін-9549,жасөпірім-1478

Қалалық ДЕ -11 және Ауылдық ДЕ 9 жоғарыда көрсетілген жұмысты үнемі  атқарады .

Аудандағы 27мектеп медбикелері мен Аудандық санитарлық-эпидемиялық орталық мамандарымен бірлесе жұмыс жүргізіліп ,екпе жұмвстарының нәтижесі бойынша мониторинг өткізіліп отырады .

Похожее

Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні

Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні

Халықаралық темекі шегуден бас тарту...

Комментарии