Зайсан ауданының перзентхана бөлімі 10 босану және 5 патология төсегіне бейімделген.
Перзентхана бөлімінде 1 дәрігер акушер –гинеколог , 1 дәрігер неанатолог , 5 акушерка, 4 медбике, 4 тазалықшы , 1- шаруа бикесі жұмыс атқарады. Дәрігер 1 ші санатты , неанатолог , акушеркалар , 2 медбике жоғары санатты. Бөлім дәрігерлері , акушерка және медбикелер үнемі білім деңгейін жетілдіріп отырады.
Перзентхана бөлімінде- 3 босану жеке бөлмесі, 3 ана мен бала бөлмесі , 2 жүкті әйелдерге арналған бөлме бар.. Нәрестелерге жеке екпе жасау бөлмесі, үдемелі емдеү бөлмесі жабдықталған.
Перзентхана барлық медициналық апараттармен қамтамасыз етілген. Жүкті әйелдерге монитор , инфузомат, КТГ , УДЗ аппараты бар. Нәрестелерге кювездер, СРАР аппараты , электроотсос , мониторлар бар, жеке жылу шашатын столдар. Бөлмелер орталық от тегімен қамтамасыз етілген.
Жыл көлеміде ЗАЙСАН аудандық перзентханада 380 - 400- әйел босанады. Жоғары қатердегі жүкті әйелдер босануға 3 ші денгейге Ана мен Бала орталығына жіберіледі . Жыл көлемінде 40 -45 шуғыл оталар -кесар тілігі жасалады.
2023ж. 8 айда перзентхана бөлімінде 232 нәресте дүниеге келді. 20 шуғыл кесар тілігі отасы жасалды. Патология бөлімінде 204 жүкті әйел бақылауда болып , емделіп шықты.
Похожее
Детское отделение представлено 8...
Инфекционное отделение расположено Зайсанской ЦРБ...