КГП на ПХВ «Районная больница Зайсанского района»
Управления здравоохранения ВКО

жол көлік қозғалысы

Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды. Бұл жағдай адам өмірі мен қоғам тыныштығына қауіп төндіріп қана қоймай, мемлекеттің имиджіне де кері әсер ететіні белгілі. Халықаралық туристер үшін елді-мекендердің қауіпсіздігі мен қозғалыс мәдениетіне де басымдық беріледі. Сондықтан халықаралық қауымдастық та көлік апаты мен оның зардабы турасында дабыл қағып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылы ұсынған деректері бойынша:
- Жыл сайын әлемде жөл-көлік оқиғаларының нәтижесінде 1,35 миллион адам қаза табады.

- Тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде масштабты міндеттер қойылған: 2020 жылға қарай дүниежүзі бойынша ЖКО нәтижесіндегі өлім мен жарақаттың санын екі есе қысқарту көзделген.

- Жол-көлік оқиғалары көптеген мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызы көлеміндегі шығын келтіріп отырады.

- Әлемнің жолдарында қаза тауып жатқан азаматтардың жартысынан көбі «жол жүргіншілерінің әлсіз тобы», яғни, жаяу жүргіншілер, велосипедші және мотоцикл тебушілер болып саналады.

- Жолдардағы өлім-жітімнің 93 пайызы табысы төмен және орташа мемлекеттерге тиесілі, бірақ осындай елдерде әлемдегі барлық көлік құралдарының 60 пайызы бар.

- Жол-көлік оқиғаларының нәтижесіндегі жарақаттар 5-29 жас арасындағы азаматтардың өлімінің негізгі себебі болуда.

Похожее

Комментарии