КГП на ПХВ «Районная больница Зайсанского района»
Управления здравоохранения ВКО

Зайсан аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша 2020 жылы 7 айда  атқарылған жұмыстары

Зайсан аудандық денсаулық сақтау саласында аудан халқына 7 бөлімнен тұратын 102 төсектік аурухана, 74 төсектік күндізгі емдеу стационары (ауруханаға қарасты 35 төсектік және дәрігерлік амбулаторияларға қарасты 39 күндізгі емдеу стационары), оның ішінде Зайсан қалалық №1 дәрігерлік амбулаториясы – 20, Шілікті, Кеңсай, Айнабұлақ, Сарытерек, Дайыр, Қарабұлақ және Біржан дәрігерлік амбулаториясы – 2, Қаратал дәрігерлік амбулаториясы – 5 төсекпен қамтылған. Амбулаториялық-поликлиникалық көмекті аудандық аурухананың құрамындағы мамандандырылған клиника-диагностикалық орталық, сонымен қатар, 1 қалалық, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория өздеріне қарасты ФАП және медициналық пункттерімен көрсетеді. Облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына енгізілді. Бірақ қала тұрғындарына 1-3 категория шақыруларға көмек көрсетеді.

І. Демографиялық көрсеткіштер

Ауданымыздың тіркелген халық саны 36 698 жетіп отыр. Ауданымызда туу көрсеткіші деңгейі – 16,7 төмендеді (2019 жылы – 19,2). Жалпы өлім көрсеткіші – 7,5 (2019 жылы – 6,9) жоғарлады, табиғи өсім көрсеткіші 12,91-дан 9,2-ге төмендеді. Нәресте өлімі 2,7 (2019жылы 7,2) төмендеді. Ана өлімі соңғы бес жылда тіркелген жоқ.

ІІ. Мамандар

2020   жылы бойынша 64 дәрігер, 237 орта медициналық қызметкер аудан халқына қызмет етуде, халықты дәрігерлермен қамту деңгейі 10000 тұрғынға шаққанда 22,5 орта медициналық қызметкерлермен қамту деңгейі 63,9 құрады.

Медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында әрбір 5 жыл сайын мамандардың білімін жетілдіру курстарынан өткізу жоспары жасалып, іске асырылуда. Бүгінгі күні 188 медицина қызметкері әр тұрлі санаттағы біліктілігі бар.

Барлық дәрігерлер және орта медициналық қызметкер 100 пайыз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбында оқытылды. Enbek.kz порталына мамандар тапшылығын азайту мақсатында вакансия жарияланады.

Материалды техникалық базасын нығайту мақсатында біршама іс-шаралар атқарылды:

Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 22 ғимарат бар, олардың 13% типтік жобадағы, ал 87% бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Зайсан аудандық ауруханасында жалпы 25 санитарлық автокөлік бар. Санитарлық автокөліктердің қызмет көрсету мерзімінің шығуына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс беріліп отырады.

Денсаулық сақтау саласын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында 2020 жылы тапсырыс облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Сонымен қатар жыл сайын денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп отырады.

Зайсан қаласына қуаттылығы 160 қабылдау болатын 20 төсектік күндізгі стационары бар аудандық емхана салу жоспарланып, облыстың денсаулық сақтау басқармасына құжаттары өткізілді.

Аудан бойынша медицина саласының ғимараттарына айтарлықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді.:

2018-2019 жылы Аудандық аурухананың ішкі қаражаты есебінен қан құю кабинетіне және жедел жәрдем және қабылдау бөліміне, дәрігер хирург кабинетіне және зертхана бөліміне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар зертхана бөлімі орталықтандырылап, қызмет көрсету аумағы кеңеюіне байланысты, қосымша құрал-жабдыөтарға тапсырыс берілді. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығына сәйкес (3Н) «Триаж» жүйесі енгізілді. ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бұл жаға жүйеге сәйкес қабылдау бөліміне келіп түскен науқастар үш топқа бөлінеді. Науқастаң ахуалына байланысты орың қолына қызыл, сары немесе жасыл түсті білезік тағылады. Қызыл аймақ- шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілуі тиіс науқастар. Сары аймақ – қабылдау бөлімшесі төсек орнында шұғыл емес медициналық көмек көрсетуді қажет ететін науқастар, сонымен қатар диагнозын анықтау мен нақтылауға қалдырылатын науқастар. Ал, жасыл аймақ науқасты қабылдап, қызмет көрсетіп, бағыт беруге арналған. Бұл топқа жоспарлы емдеуге жатқызылған науқастар да жатады.

Реанимация бөліміне функционалды төсектер, өкпені жасанды желдендіру аппараты, ота жасау залдарына және қабылдау бөлімдерін қажетті өқрал-жабдықтармен жабдықтауға облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс берілді. Аурухананың бөлімдеріне жаңа төсектер алынды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында ауданымызда денсаулық сақтау саласында біршама ізгі істер жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау бақармасы арқылы аудандық аурухана 95 компьютер, 45 принтермен қамтамасыз етілді.

Клиника-диагностикалық бөліміне және дәрігерлік амбулаторияларға орнатылып, іске қосылып, интернет жүйесімен қамтамасыз етілді. Мамандар «ДамуМед» бағдарламасынмен жұмыс атқаруда, сонымен қатар, халық арасында және мекемелерде мобильді қосымшаны мобильді телефондарына жүктеу және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар КМИС бағдарламасымен жұмыс атқаруда, сонымен қатар, халық арасында және мекемелерде мобильді қосымшаны мобильді телефондарына жүктеу және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 4961 тұрғын (оның ішінде жүкті әйелдер – 519-на, 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар – 2877-не, 5 жас пен 14 жас аралығында мобильді қосымшаны  - 3978-не) жүктеп, 100% орындалып отыр.

Аудан халқына квалификациялы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында стационарға жоспарлы түрде жатқызу электрондық порталы іске қосылған, жүйелі түрде жүмыс жасалуда.

Жылжымалы ФЛГ қондырғы және жылжымалы медициналық кешен елді-мекендерді белгіленген кесте бойынша сәуір-қараша айларында аралап, 6827 тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Тәулік бойы емдеу стационарында – 1679 науқас емделіп, төсек айналымы бір деңгейде 16,3 төсек жұмысы 119,6, төсек күнінің орындалуы 66,1 құрады. Күндізгі емдеу стационарында 787 науқас ем алды, сонымен қатар ауданымызда қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында 11 қарау кабинеті жұмыс істейді.

Зайсан аудандық ауруханасының босану бөлімінде 2019 жылы – 432,ал осы 2020жылдың 7 айында 220 әйел босанған

Хирургия бөлімінде 2020 жылы хирургиялық ота 388, оның ішінде 24 кесір тілігі отасы жасалды.

Аудан бойынша 2020 жыл бойынша – 71549 қабылдау жасалды, оның ішінде емханада жүргізілген қабылдау саны 56970 және үйде жасалған қабылдау саны 14579 құрайды.

Сонымен қатар аудандық ауруханада ауыр халдегі науқастардың диагнозын тексеру және емдеу жолдарын нақтылау мақсатында облыстық мамандармен қашықтық кеңес алу үшін телемедицина қолданылып отыр.

Орталық аудандық аурухананың барлық бөлімдері және клникалық-диагностикалық бөлім интернет желісіне қосылған. Клиника диагностикалық бөлімнің және Зайсан қаласының дәрігерлік амбулаториясының регистратурасына Call орталығы арқылы науқастар дәрігер қабылдауына телефон арқылы жазыла алады.

2019 жылы №786 бұйрық бойынша 67 990 489,04 теңгеге дәрі-дәрмек игерілген.

2019 жылы флюорографиялық тексерудың жоспары – 18728, 100%-ға орындалды.

2020 жылы клинико-диагностикалық бөлімінде 11013 зерттеу жүргізілді. 2020 жылы лабораториялық тексерулер саны 59192. Физиотерапиялық көмек саны 1632. Профилактикалық тексерулер 1 тоқсанда 5034 бала өтті.Колоректалді рак бойынша скрининг 515 адам өтті.

Жатыр мойын обыры бойынша скрининг 207 әйел өтті. Сүт бездерінің қатерлі ісігі бойынша скрининг 713 әйел өтті. Қан айналымы жүйесінің аурулары бойынша скрининигты 622 адам өтті. Қазіргі таңда профилактикалық тексеру карантинға байланысты тоқтап тұр.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу басты назарда.

2019 жылмен салыстырғанда (13,4)2020 жылы туберкулез ауруымен алғаш рет тіркелгендер көрсеткіші 100 мың адамға есептегенде 10,8болды.

Қатерлі ісік ауруымен алғаш рет тіркелгендер көрсеткішінің 89,6 – ке төмендеуі байқалады (2019 жылы – 91,1).

Қатерлі ісікпен қайтыс болғандар көрсеткіші төмендеді (2018 жылы 23 адам – көрсеткіш – 62,0, 2019 жылы -18 адам, 2020 жылы-14 адам көрсеткіші-38,0).

Қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға аса көңіл аударылуда. Қан айналымы ауруларынан өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда-493,93,2-35 жағдай анықталған.

Ауданда жыл сайынғы халық арасында профилактикалық тексеру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 10қарашадағы №685 және №145 бұйрықтары «Ересек халықтың жекелеген санаттарына алдын алу медициналық тексерулерін жетілдіру туралы» негізінде скринингтің 7 түрінен (балаларда аурушаңдықты анықтау, қанайналым жүйесі, қант диабеті, глаукома дерттері, тоқ және тік ішектің, әйелдерде жатыр мойнының, омырау безінің қатерлі аурулары) тексерілді. Скринингтік тексерулер жылдың 1 наурыз – 31 қараша аралығында жүргізіледі. Анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, сауықтыру жұмыстары жалғасуда.

ҚР ДСМ – нің 4 қыркүйек 2011 жылы №666 бұйрығы негізінде жекелеген санаттағы диспансерлік есепте тұрған науқастарға және балаларға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық жолға қойылған.

2020 жылдың 22 маусымынан бастап ауруханадан 192 төсек орны ашылды.

КВИ-1 инфекциялық 30 төсек

КВИ-2 провизорлық 92 төсек

КВИ-3 карантиндық 70 төсек.

КВИ-1инф.бөлімде-23науқас емделді.

КВИ-2 провиз.бөлімде-97 науқас емделді .

КВИ-3 карант.бөлімде-2 науқас емделіп шықты.

Главный врач  КГКП «Зайсанская ЦРБ»:                                   Султанов А.Д.